379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Оралдағы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония ғимаратын онлайн түрде аралауға болады

  • 155
  • UPD: 10:29, 30.03.2019

Оралдағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратын енді әлемнің кез келген нүктесінде отырып тамашалуға болады.

«Виртуалды тур» атты жобаның көмегімен тарихи ғимараттың іші мен сыртын, барлық концерт залдарын 3D кеңістікте аралап көре аласыз. Ол үшін филармония сайтына кіріп, бейнеақпарат бөліміне енуіңіз қажет. Бұл игі іс Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ұлттық операның іргетасын қалаған атақты өнер қайраткерінің 110 жылдығы қарсаңында жүзеге асып отыр. Филармония ғимараты 19-ғасырдың ең үздік сәулет өнері ескерткіштерінің бірі саналады. Біраз жыл бұрын итальяндық сәулетшілердің көмегімен жаңа кескін-келбетке ие болды. Тарих тұнған таңғажайып ғимаратқа туристер де жиі ат басын бұрады.​ ​ ​ ​ ​ ​

Сәуле Таудаева,​ дәстүрлі әнші, Ғ.Құрманғалиевтің шәкірті:

- Ғарекеңнің 110 жылдық мерейтойы тойланайын деп жатыр. Ғарекеңнің класында мен 1979-81 жылдар аралығында сабақ алған шәкіртімін, төл шәкіртімін. - Ғарекеңнің рухы ешқашан өлмейді, халқымен бірге жасай береді. Себебі қазіргі уақытта дәстүрлі өнерге деген халықтың сұранысы өте жақсы. Жақсы талантты шәкірттер, талантты әншілер шығып келе жатыр.

Телеканал Хабар 24