379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандылық қолөнерші Мәскеуде өтетін байқауға жолдама алды

  • 146
  • UPD: 11:40, 02.04.2019
Қарағандылық қолөнерші Мәскеуде өтетін байқауға жолдама алды

Қарағандылық қолөнер шеберінің «Көмір» топтамасы дизайнерлер байқауында үздік деп танылды.

Ольга Целлердің көмірден жасалған зергерлік бұйымдары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Ол сырға, жүзік пен білезікті жасау үшін көмірдің қара және жылтыр кесектерін ұсақтайды. Ал көмір тым ұнтақталып кетпеуі үшін Ольга өз технологиясын ойлап тапқан. Бұл бойынша әшекейді қатты отынмен көркемдеуге бір аптадай уақыт кетеді екен. Айта кету керек, байқауға қарағандылық дизайнерлерден бөлек Ресей және Өзбекстаннан келген шеберлер де қатысты. «Зергерлік бұйымдар шебері» номинациясында үздік деп танылған Ольга Целлер Мәскеуде өтетін байқауға жолдама алды.

Ольга Целлер, дизайнер:

- Менің ойымша бұл идея Қарағанды қаласына деген патриоттық сезімді тудырады. Өйткені кеншілер шаһары туралы естігенде ойға бірінші көмір келеді. Бұл қалада кеншілер күні де ерекше аталып өтеді.

Телеканал Хабар 24