379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Венада қазақстандық опера әншісі А.Шамшиденованың жеке концерті өтті

  • 192
  • UPD: 12:05, 11.04.2019

Венадағы тарихи Барокко залында қазақстандық опера әншісі Айгүл Шамшиденованың жеке концерті өтті. Талдықорған тумасы Вена консерваториясын аяқтап, бүгінде МАлера филармониясының жетекіші солисі атанған. Еуропаның музыкалық астанасы жерлесімізді қалай қабылдады?

Айгүл Шамшиденова – талантты әрі өзін таныта білген қазақстандық опера әншісі. Жастайынан түрлі конкурстарда жеңіске жетіп, Голливудты бағындырып үлгерген. Одан кейін өзге де байқауларда бақ сынап, Еуропаның бірталай сахнасында өнер көрсетті. Десе де бұл жолғы концерттің Айгүл үшін орны бөлек. Себебі мансап жолындағы алғашқы жеке шығармашылық кеші. Оның Австрияның астанасында өтуі де бекер емес. Себебі Айгүл  Вена консерваториясының түлегі.

Айгүл Шамшиденова, ҚР опера әншісі:

- Әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетемін. Дегенмен, осы Вена мен Қазақстан сахнасына шыққанда қатты қобалжимын. Себебі екі ел көрермендерінің мен үшін орны бөлек. Есеп беру кешім сияқты сезінемін. Себебі осында жұмыс істеп, осында білім алғанмын. Ал елімде жеткен жетістіктерімді көрсетемін.

Айгүл Шамшиденова Джузеппе Верди, Джоаккини Россини, Винченцо Беллини сынды танымал итальяндық композиторлардың күрделі туындыларын орындады. Қазақстандық әншінің шығармашылық кешін тек Вена қаласының тұрғындары ғана емес, Париж, Берлин, Петербург және Алматыдан келген арнайы қонақтар тамашалады. Концертке көңілі толған қауым әншіге орындарынан тұрып, қошемет көрсетті.

Лейла Махат, суретші:

- Айгүлдің өнері жас артистер үшін тың дүние. Себебі кез-келген шығарманы шын жүрегімен орындайды. Көрерменге жеткізе біледі. Талант пен еңбекті қатар алып жүретін әнші.

Берлин Иришев, Париждегі қазақстандықтар қауымдастығының мүшесі:

- Айгүл өте талантты артист. Болашағынан зор үміт күттіреді. Оның әдемі дауысын естігеніме қуаныштымын. Жерлестеріміз шет елге танылып, биік белестерді бағындыра берсін! 

Малера филармониясының жетекші солисі атанған қазақстандық әншінің болашаққа жоспары көп. Еуропа астаналарынан бөлек, дәл осы бағдарламамен АҚШ-қа да шақырту алған. Ал 21 сәуір күні Қазақстанда, Нұр-Сұлтан қаласында «Венециандық регата» атты үлкен концерті өтеді. Айгүл Шамшиденова Қазақстандық контр-тенор Батыржан Смаковпен өнер көрсетеді.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Телеканал Хабар 24