379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Конституциялық кеңес Астана атауын ауыстыру ретін түсіндірді

  • 179
  • UPD: 23:11, 22.03.2019

Елорданың атауын өзгертуге байланысты Ата заңға енгізілген түзетулер Конституция нормаларына толық сәйкес келеді және Қазақстанның заңнамасы бойынша жасалған.

Бұл туралы Конституциялық кеңес мүшесі Иоган Меркель мәлімдеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң жобасын енгізген жоқ. Ол қос палатың бірлескен отырысында Елорда атауын ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Ал Үкімет бұл заң жобасын енгізді. Бұған байланысты Конституциялық кеңес жобаның Ата заңға қайшы келмейтінін растады. Конституцияның 91-бабының 2-тармағына сәйкес, Мемлекет тәуелсіздігіне, Республиканың аумақтық тұтастығына, оны басқару нысанына және басқа да негізгі қағидаттарға қайшы келетін өзгерістер енгізуге болмайды. Ал Елорда атауын ауыстыру жоғарыда аталған қағидаттарға қайшы келмейді.

Иоган Меркель, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі:

- Аталмыш рәсім біздің Конституцияда нақты жазылған. Шынында да, президенттің өкілеттігін өзіне алған тұлғаның Конституцияға өзгерістер енгізуге бастамашылық жасауға құқығы жоқ. Шын мәнінде, олай болған емес. Қасым-Жомарт Тоқаев палаталардың бірлескен отырысында тек ұсыныс жасады. Заң жобасын Үкімет енгізді. Бірақ бұл жағдайда да белгілі бір міндетті рәсімдер бар. Конституциялық Кеңестің қорытындысы міндетті түрде қажет. Ал мәселе тек қаланы қайта атау туралы болғандықтан, біз оң қорытынды бердік.

Телеканал Хабар 24