378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордалық 27 бозбала ҚР ҰҚК шекара қызметінде әскери борышын өтейді

  • 128
  • UPD: 18:22, 25.03.2019

Отанды қорғау азамттық парыз. Тепсе темір үзетін жігіттердің алғашқы легі өз борышын өтеуге аттанды.

Астаналық 27 бозбала енді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінде әскери парызын өтейді. Бүгін елордада жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Жалпы наурызда басталған көктемгі әскерге шақыру науқаны маусымның соңына дейін жалғасатын болады.

Арман Қияқбаев, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқарма бастығы:

- Бүгінгі команда 27 азаматымыз ШҚО орналасқан шекара қызметінің әскери бөліміне жіберіледі салтанатты түрде.

Жоспар бойынша тек қана Астана қаласы бойынша 800-ден астам жас азамат жіберіледі. Заң жүзінде әскерге қалуға себептері жоқ азаматтар жіберіледі.

Жанболат Шөрегеев, әскерге шақырылушы:

- Қуаныш сезімі кернеп тұр. Себебі мен өзім бала кезімнен шекара қызметінде борышымды өтеуге армандағам. Өзімнің әкем деғ ағаларым да сол шекара қызметінде Отанын қорғап келген кісілер.

Телеканал Хабар 24