379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қызылшаға қарсы вакцина мектеп оқушысына тек ата-ана келісімімен егіледі

  • 262
  • UPD: 21:47, 31.03.2019
Қызылшаға қарсы вакцина мектеп оқушысына тек ата-ана келісімімен егіледі

Қазақстанда қызылшаға қарсы вакцинация мектеп оқушыларына ата-аналарының келісімімен ғана жасалады.

«Бізге вакцинацияға қатысты көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Түсіндіре кетейін: 1 сәуірден бастап осыған дейін екпе жасалмаған және 5 жасқа дейін екінші екпені алмағандарға вакцинация жасалады. Сонымен бірге, қызылша бойынша ауруларға жақын жүрген және емханалардың медициналық қызметкерлері мен эпидемиологтары айқындаған мектеп оқушылары вакцинациямен қамтылатын болады. Бұл ретте мектеп оқушыларына ата-аналары мен асырап алушылардың жазбаша түрдегі келісімдері арқылы екпе жасалатынын айта кеткім келеді. Жазбаша келісімнен кейін 72 сағаттың ішінде вакцинация алу үшін емханаға келу керек», - деп жазады Жандарбек Бекшин фейсбук парақшасында.

Еске сала кетсек, екі күн бұрын ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанда 1 сәуірден бастап қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілетінін мәлім еткен болатын. «Оның басты мақсаты - халықтың иммунитетін көтеріп, қызылша ауруының тарауына жол бермеу. Сондықтан қазір вакцинацияға үш тәуекел топтарын енгіздік. Оның ішінде бірінші осы топқа енетіндер 1 жастан кіші балалар. Яғни 9 айдан бастап балаларға вакцина егіледі. Бұрын егілмеген, қызылшамен ауырмаған, 5 немесе одан да көп жыл бұрын тек бір екпе алғандарға да вакцинация жүргізіледі. Яғни олар 30 жасқа дейінгі азаматтар. Үшіншіден, медицина қызметкерлері. Себебі баршамызға мәлім, бұл топтағы адамдардың аурулардың арасында жұмыс істейді», - деді Жандарбек Бекшин.

Телеканал Хабар 24