376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Абердин-ангус асыл тұқымды сиырлар Сыр өңірін жерсіне бастады

  • 149
  • UPD: 13:09, 02.04.2019

«Абердин-ангус» сиырлары енді Сыр бойын жерсіне бастады. Жалпы Еуропадан асыл тұқымды мал әкелу Қызылорда облысы үшін әдеткі іс.

Бұған дейін аймақтағы ірі сүт фермасы да әлемге әйгілі «Голштин – фриз» мүйізді ірі қарасын тасыған болатын. Сырттан келген түліктердің жергілікті малдан артықшылығы неде? 

Күй талғамайтын, бірақ өнімділігі жоғары мал шаруашылықтар үшін тиімді. Соның бірі Абердин-ангус тұқымы дейді Сыр бойылық мал бордақылау алаңының мамандары. Сондықтан биыл бұл шаруашылыққа аталған асыл тұқымды түліктің 280 басы жеткізілді.

Талайлы Бөріқұлов, шаруашылық төрағасының орынбасары:

- Абердин-ангус малы негізінен осы біздің елге бейім, Қазақстанда да өсіріліп отырған мал. Шөп талғамайтын, бар шөпті қопада болсын, күріштің алаңында болсын жүріп жейтьін мал, аяғымен жүретін мал. Негізінен біз жайылымға шығарамыз, аяғымен жүріп бағамыз деп отырмыз. Ал мына жақтағы бұрынғы әкелген малдарымыз бұлар тұрып жейді. Далаға шықпайды.

Мына қоңыр-қара сиырлар Чехияның Прага қаласынан жүк көліктерімен бірнеше күнде жеткізілген. Түрлі жағдайларға төзімді болғандықтан ба, Қазалы жеріне де жерсіндіру қиынға соқпаған сияқты. 20 күндік карантин де аяқталуға жақын. Сонан кейін жайлауға шығады.  

Сахил Ысқақов, зоотехник:

- 6 ай мен 15 ай аралығындағы тірілей салмағы 200-300 келі тірілей салмақ беретін бұқашықтарды сатып алып, соларды бордақылаймыз. Сөйтіп, олардың салмағын 420 кг жоғары жеткізіп, сатамыз сою арқылы. Бордақыланған малдың шығымы 52-59 пайызға дейін. 

Абердин-ангусқа жем-шөбін алдына салып берудің қажеті жоқ. Табиғатынан жайылып жүріп, қоң жинауға бейім. Салмағы тез артады және сұранысқа ие мәрмәр еті өндіріледі. Осыдан 10 жыл бұрын Еуропадан сиырдың галштин-фриз тұқымын әкелген Самұрат Имандосов бүгінде тәулігіне 30 тонна сүт өндіретін ферманың жұмысын жолға қойды. Осы ретте тәжірибесі толысқан маман шетелден әкелінетін мүйізді ірі қараларға қатысты пікірімен бөлісті.  

Самұрат Имандосов, шаруашылық төрағасы:

- Мысалы, үшін жаңағы айтып отырмын ғой, Галштин-фриз бір сиырдан орташа дүниежүзілік көрсеткіште 30 мың литр сүт сауылады деп есептелінеді. Біздегі малдардың барлығы өзінің қоңдылығын, өзінің жағдайын жасап содан ауысқанды сүтке айналдырады. Ет бағыты да сондай. Етке де қазір әкеліп шетелден мал әкеліп жатырмыз, осы малдарды әкеліп, осындай жерлендіру арқылы осылардан барып шығаруымыз керек жергілікті өзіміздің малымыздың тегін. Бірлестіре отырып, шағылыстырып. Оған көп жыл уақыт керек. Қазір біз оны күтпеуіміз керек. Сол бар нәрсені әкеліп, үйреніп, қалыптастырып, осыны жүйеге қоюымыз керек.

Дегенмен, кезінде Еуропаның асыл тұқымды малын жерсіндірген қызылордалық шаруашылықтар, қазір сол ерекше төлдерді қолдан ұрықтандыру арқылы көбейтіп отыр. Және оларды экспорттау жағы да жолға қойылып келеді. Мәселен, Қазалы ауданы алғаш рет өткен жылы 100 сиырды Өзбекстанға сатты. Биыл тағы 200 бас мүйізді ірі қараны шетелге саудалау жоспарланып отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов

Телеканал Хабар 24