379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


СҚО-да эвакуацияланған ауыл халқы үйлеріне орала бастады

  • 84
  • UPD: 13:43, 05.04.2019
СҚО-да эвакуацияланған ауыл халқы үйлеріне орала бастады

Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судың салдарынан қауіпсіз жерге эвакуацияланған Қаратал ауылының тұрғындары өз үйлеріне орала бастады.

Елді мекенде жағдай тұрақталып, судың деңгейін төмендеді. Естеріңізде болса, осыдан біренеш күн бұрын Ақмола облысындағы Сілеті су қоймасынан жылдағы мөлшерден бірнеше есеге көп жіберілген су Қаратал және Қулыкөл ауылдарына қауіп төндірген болатын. Дегенмен, уақытылы қолға алынған жұмыстардың арқасында су елді мекендерге кірген жоқ. Бірақ екі ел арасын жалғайтын жолды шайып кетті. Қазір қатынас қайта жанданды. Алдағы уақытта жер құрғаған соң оны қалпына келтіру жұмыстары басталады. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы да қарастырылмақ.

Медет Оспанов, Уәлиханов ауданының әкімі:                                             

- Таңертеңгі сағат 11-ден бастап 4 сәуір күні Қаратал ауылының 171  адамы қайтадан ауылға қайтарылды. Су өзінің арнасына түсті. Халыққа қауіп жоқ. Соның ішінде Қаратал ауылына. Бүгінгі күні Қаратал мен Қулыкөл арасындағы жолды шайған жерлерінде техника жұмысты бастады, қайта қалпына келтіру. Азаматтарды жолмен қаматамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Жағдай тұрақты, электр желісімен барлығы қамтамасыз етілген.

Телеканал Хабар 24