378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«7-20-25»: Алматы облысында 751 пәтер тапсырылады

  • 107
«7-20-25»: Алматы облысында 751 пәтер тапсырылады BNews.kz

Алматы облысында биыл жалпы аумағы 110 шаршы метр болатын 2098 пәтер пайдалануға беріледі.

Соның 751-і «7-20-25» бағдарламасы бойынша тапсырылады. Екінші деңгейлі банктер бұл бағытта 286 өтінімді қарап, 145 несие берді. Облыс бойынша аталған бағдарламаны жүзеге асыруға арналған 35 тұрғын үй массиві бар. Онда 2022 жылға дейін аумағы бір миллион шаршы метрден асатын мың шақты үй салынады. Алғашқылардың бірі болып «7-20-25» бағдарламасымен талдықорғандықтар үй алады. Мамыр айында 50 пәтер пайдалануға беріледі.

Жандос Телеубаев, Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- «7-20-25» бойынша Талдықорған қаласында біз қазір 4 компаниямен келісімшартқа отырып жатырмыз. Соның құжаттары аяқталып, биыл 7 үйдің құрылыс жұмыстары басталады. Соның ішінде 40 пәтерді қыркүйек айында тапсырайын деп отырмыз.

Телеканал Хабар 24