379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

  • 102
  • UPD: 10:48, 17.04.2019
АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.  

М. Қожахмет 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша Чехия қоғамдық ғылымдар университетін тәмамдаған. 2003-2008 жылдары «Қазақстанның жастар конгресі» республикалық жастар ұйымында жұмыс істеді. Жобаларды үйлестірушіден бастап атқарушы директорға дейінгі еңбек жолынан өтті. 2008-2012 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры, Жастар ісі комитетінің төрағасының орынбасары болды. 2012-2014 жылдар аралығында ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.

Телеканал Хабар 24