379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Атырауда оқытушылар мен студенттер сайлау туралы пікір алмасты

  • 256
  • UPD: 17:56, 19.04.2019
Атырауда оқытушылар мен студенттер сайлау туралы пікір алмасты

Атырауда Халел Досмұхаммедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғалым-оқытушылары мен студент жастары алдағы Президент сайлауы туралы ой бөлісті.

«Президенттік басқару жүйесінің теориясы мен практикасы және Қазақстандағы президенттік сайлау» деген тақырыпта өткен конференцияда еліміздің тәуелсіздік алған жылдарындағы жүріп өткен жолы, президенттік институттың қалыптасуы мен қоғамды демократияландырудың қазақстандық модулін талқылады. Сондай-ақ конференцияда парламентаризмнің қалыптасуы мен елдегі саяси партиялардың қоғамдағы туралы келелі ойлар айтылды.

Сайфолла Сапанов, тарих ғылымының докторы, профессор, саясаттанушы:

- Зиялы қауым өкілдері біздің қоғамдағы президенттік институттың қаншалықты маңызды екенін және қоғамдағы Президенттік сайлаудың қоғамды демократияландырудағы және қоғамдық санаға әсерін баса айтты. Ол сайлаудың Қазақстанның тұрақтылығы үшін және қазіргі кездегі Қазақстанның жалпы дамуындағы елеулі бір оқиға ретінде қарастырып отырмыз.

Телеканал Хабар 24