378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымы аяқталды

  • 133
  • UPD: 12:24, 26.04.2019
Жайық-Каспий бассейнінде көктемгі балық аулау маусымы аяқталды

Биыл ауа райының жылы болуына орай, су маржандары өзенге ерте шықты. Соның нәтижесінде Атырау балықшылары бір маусымда 1000 тоннадан астам балық аулап үлгерді.

Көктемгі тартымды табысты аяқтаған балықшылар бекіре шабақтарын өткізетін зауыттарға 60 дана бағалы бекіре балығын тапсырды.

Өткен желтоқсан айындағы апатты жағдайдан соң Жайық өзенінде қадағалау күшейді. Тартым басында балықшылардан өзге инспекторлар мен ихтиолог мамандар бірлесіп жұмыс атқарып жатыр. Олар Каспий теңізінен өзенге бет алған балықтардың жай-күйін бақылайды.

Гауһар Жүнісова, ихтиолог:

- Қазіргі шығып жатқан балықтардың барлығы сау. Ешқандай ауру белгілері байқалмайды. қазіргі балықтардың барлығы уылдырықты.

Табан, жайын, мөңке, сазан балықтары жылдар бойы қалыптасқан дағды бойынша тұқым шашуға тұщы өзенге келеді. Бассейндегі балық қорын сақтау үшін  бүгіннен бастап өндірістік коопертивтер балық аулауды тоқтатты.  Енді мәселе су маржандарын браконьлерден қорғау. Оңай олжаға құныққандар  балық біткенді қарақшыдан бетер қыруға даяр.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Әдетте өндірістік коопертивтердің өзіндік стандарты болады. Онда ау-құралдарының біиіктігі, ұзындығы  ғана емес әрбір көзінің өзіндік стандарты бар. Қараңыз мынау шамамен 34-48 ммлік.  Яғни ұсақ балықтар шығып кетеді де тек ірісі ауланады. Ал енді мына қараңыз, мынау браконьерлік ау-құрал. Қытайдың сеткасы деп аталады Немесе, мұны көбіне қарақшылық құрал деп те айтады. Бұған түскен балық емес адамның өзі шырматылып жатыр.

Биыл жылдағыға қарағанда, бекіре тұқымдастар да өзенге көптеп кіре бастаған. Осы уақыт ішінде коопертивтер облыстағы бекіре шабақтарын өсіретін екі зауытқа 60 дана шоқыр мен бекіре тапсырыпты. Тіпті соңғы 15 жылда мүлде көрінбеген бекіре тұқымдастарға жататын пілмай балығы да шықты. Былтырғы балық қырғынынан кейін балықшылар биыл ата кәсіптен қол үземіз бе деп үрейленген еді. Бірақ Жайықтың қазынасы сарқылмапты.

Сүндетқали Сағатов, кооператив балықшысы:

- Қыстағы балықтардың қырылғанына қарап болмай қала ма деп едік. Бір тартымға бір проз-жарты проздай шығып жатыр. Жоқ емес жақсы. 3-4 тонна тіпті бес тонналап шығып тұр. Жаман емес былтырғығыға қарағанда жақсы өте.

Ереже бойынша Жайық-Қиғаш өзендері мен Каспий теңізінен коопертивтер 14 мың тонна балық аулауы тиіс. Қазір 1000 тоннадан атсам су маржаны сүзілді.  Ендігі кәсіп күзде жалғасады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Телеканал Хабар 24