378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еліміз бойынша БҚО-дағы ҚХА жұмысы үздік деп танылды

  • 145
  • UPD: 22:29, 03.05.2019
Еліміз бойынша БҚО-дағы ҚХА жұмысы үздік деп танылды

Еліміз бойынша Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы үздік деп танылды.

Енді олардың тәжірибесін басқа аймақтар үлгі етпек. Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде Ассамблеяның 27-сессиясына қатысқан делегаттар алға қойылған жаңа мақсат-міндеттемелер турасында ой бөлісті. Ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда ұйымшылдық танытып, тиімді жұмыс атқару керектігі айтылды. Жайық жұртшылығының Ассамблея қызметі медиация институты мен мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңес жұмысын әрі қарай жандандыруды көздейді.

Мақсот Берген, қазақ этномәдени орталықтың төрағасы:

- Бізбен шекаралас 5 облыстағы 500 мыңға жуық қазақтарды бірлестіріп солармен үлкен тығыз қарым-қатынас орнату ойда бар. Өзімізге тартып соның ішінде мәдениет саласымен бірге білім саласы жөніндеде сонымен бірге кейбір сол жерде істеп жүрген бизнеспен айналысып жатқан қандастарды осы өзіміздің облысқа тартсақ деген жоспарлар бар.

Телеканал Хабар 24