378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда сайлаушылар үшін 554 учаске жұмыс істеп тұр

  • 102
  • UPD: 18:47, 09.06.2019

Алматыда 1 миллион бір жүз мыңнан аса адам сайлау күнінің соңына дейін дауыс беруі тиіс.

Сайлаушылар үшін 554 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин таңертеңнен №301 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Жазушы «көпшілік халықтың таңдауымен сайланатын президент еліміздің қалыптасқан даму үрдісін одан әрі жалғастырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдей білетін азамат болуы керек» дейді.

Нұрлан Оразалин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Елді жолынан жаңылдырмайтын, қалыптасқан мектептерімізді сақтайтын, әлемдік деңгейдегі елге қажетті деген әлеуметтік, саяси, рухани, экономикалық сипаттардың бәрін толық сақтай отырып, елдің тәуелсіздігін шын мәнінде сақтап қалатын бізге осындай саясат керек.

Телеканал Хабар 24