445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда қала тұрғыны коронавирус жұқтырған

  • 598
  • UPD: 13:32, 20.03.2020
Алматыда қала тұрғыны коронавирус жұқтырған

Бүгін Алматыда 3 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, қазіргі уақытта қалада 22 науқас тіркелді.

«Үш науқастың бірі қала тұрғыны болып табылады. Шетелден келген адамдармен байланыста болған. Құрғақ жөтел, тамақтың қырылдауы, кеуде тұсының ауруы, құлақтың бітелуі сияқты симптомдарға байланысты 18 наурыз күні одан коронавирусқа лабораториялық сынамалар алынды. Кеше оң нәжиже берді. Науқас дереу стационарға оқшауланды», - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әділбаев. 

Вирус расталған екінші науқас – Берлин – Алматы ұшағының борт серігі. Ол ұшып келген күннен, 12 наурыздан бастап жұқпалы аурулар ауруханасында карантинде болған.

1997 жылы туған үшінші ер адам 19 наурызда түнде Париж – Минск– Алматы бағытымен ұшып келген.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің айтуынша, қазіргі уақытта қаладағы 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, 2 науқастың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Айта кетсек, бүгін Алматыда төрт көп қабатты үй жабылып, қоршауға алынды.

Телеканал Хабар 24