426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада «Отбасы – бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылады

  • 132
  • UPD: 16:48, 08.09.2020
Елордада «Отбасы – бақыт мекені» жобасы жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Отбасы – бақыт мекені» отбасы институтын нығайту жобасы іске қосылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жоба барысында үш жыл бойы жастарға бақытты отбасын құрудың қыр-сыры үйретіледі. 2023 жылдың соңына дейін 1000-нан астам адамды мақсатты аудиториямен қамтуды жоспарлап отырмыз. Олар: жас отбасылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері. Сондай-ақжас ата-аналар мен балаларды да қатыстыру жоспарда бар. Біз жастар, гендерлік, отбасылық саясат саласындағы білікті мамандарды шақырамыз. Жоба аясында үлгілі отбасылардың өкілдері өздерінің құндылықтары туралы әңгімелейді. Сонымен қатар балалар құқықтары жөніндегі өкілдер, баланы жоспарлау және тәрбиелеу жөніндегі мамандар да тартылатын болады», – дейді жоба кураторы, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың өкілі Нұржан Парманов.

Жоба ауқымды бағдарламадан тұрады. Шара семинарлар, жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер, «Үздік жас отбасы» байқауы, бейнероликтер конкурсы, факультативтік сабақтар, жас аналарға арналған семинарлар мен тренингтер, отбасылық марафондар сияқты жеті бағытты қамтиды.

«Осы аптада «Үздік жас отбасы» байқауы басталады. Сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттайтын үздік бейнеролик байқауы мен спорттық марафондар өткізіледі. Қыркүйек айында жас отбасылар үшін арнайы семинар-тренингтер ұйымдастырылады. Аналар үшін біз түрлі жанрдағы онлайн-курстар әзірлейміз. Мысалы, танымал аспазшылар өз шеберліктерімен бөліседі», – деп атап өтті Нұржан Парманов.

Жобаға қатысу тегін. Байқау жеңімпаздары мен белсенділер үшін сертификаттар түріндегі сыйлықтар қарастырылған.

Үш жылдық жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.

Жобаға қатысу туралы барлық ақпаратты 8 702 837 32 49 нөмірінен, @ns_jastary Instagram парақшасынан алуға болады.

Телеканал Хабар 24