379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде көп қабатты үй өртеніп, әйел адам көз жұмды

  • 233
  • UPD: 12:24, 22.03.2019
Өскеменде көп қабатты үй өртеніп, әйел адам көз жұмды yk-news.kz

Өскеменде тұрғын үй өртеніп, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«21 наурыз күні сағат 10:20-да өртке қарсы қызмет пультіне Өскемен қаласының Қабанбай батыр көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Тілсіз жау алтыншы қабаттағы пәтердің 20 шаршы метрін шарпыған. Өрт бөлімшелері 10 адамды құтқарып, 18 адамды эвакуациялады. Өрт сағат 10:42-де тоқтатылып, 11.00-де толық сөндірілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖ департаменті жеке құрамынан 20 адам және 7 арнайы техника жіберілген.

Телеканал Хабар 24