378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбеде бірнеше ай бойы пәтер тонап келген ұры ұсталды

  • 212
  • UPD: 19:23, 30.04.2019

Ақтөбеде полицейлер пәтер тонады деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады.

Тәртіп сақшыларының айтуына қарағанда күдікті бірнеше ай бойы көп қабатты үйлерден бағалы заттарды қолды етіп келген. Үй иелері жұмыста болғандығын пайдаланып, қылмысын шаңқай түсте жүзеге асырған. «Бірінші қабаттағы пластикалық терезені ашып кірген» дейді тәртіп сақшылары. Қазір криминалды полиция басқармасының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Бұлтартпас айғақ ретінде ұрланған бірқатар зат та табылды.

Ерболат Сарқұлов,  облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі кезде ол Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот алды тергеу барысында күдіктінің 7 пәтер ұрлығына қатысы бар деген дерегі анықталды. Және де заттар деректердің бір бөлігі тәркіленді.

Телеканал Хабар 24