379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Таразда жедел жәрдем мен автобустың соқтығысуынан 4 адам жараланды

  • 217
  • UPD: 19:38, 03.05.2019
Таразда жедел жәрдем мен автобустың соқтығысуынан 4 адам жараланды

Тараз қаласында жедел жәрдем мен қоғамдық көлік соқтығысып, 4 адам жараланды. Жедел жәрдем машинасы қатты соққыдан аударылып түскен. 

Жол апаты Крылов пен Лермонтов көшесінің қиылысында болған. 1 жасар баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге асыққан көлік ішінде бүлдіршін мен әжесінен өзге дәрігер, фельдшер мен жүргізуші болған. Соңғысы дін аман, ал зардап шеккен жолаушылардың жарақаттары жеңіл болғандықтан ауруханаға жатқызылмаған. Апатқа ұшыраған қоғамдық көлікте бір ғана адам отырған. Ол дәрігерлердің тексеруінен соң үйіне қайтарылды. Әзірге апатқа кімнің кінәлі екенін полицейлер анықтап жатыр. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Гүлзахира Қызғараева, облыстық жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары:

- Тез жету үшін  біздің мәшине өздерінің сигнализациясын қосқан, сиренасын қосқан сөйтіп келе жатқан кезде осындай жол апатына ұшырайды жеңіл ушиб мягкой ткани дейді ғой сондаймен больницаларға жеткізілді ол жерде обследование өтіп, қазіргі уақытта үйлеріне жіберілді.

Телеканал Хабар 24