379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейлік полицейлер терезеден құлай жаздаған сәбиді құтқарып қалды

  • 237
  • UPD: 23:15, 06.05.2019
Семейлік полицейлер терезеден құлай жаздаған сәбиді құтқарып қалды

Ал семейлік полицейлер терезеден құлап кете жаздаған сәбиді құтқарып алды.

Оқиға кеше түстен кейін қаланың орталығында болған. «102» желісі арқылы тұрғындар тұрғын үйлердің бірінің терезесінде жылаған бала тұрғанын хабарлапты. Тап осы уақытта кезекшілікте жүрген аға лейтенант Данияр Тоқтамысов пен кіші лейтенант Асхат Әлкебаев дереу сол жерге жеткен. Пәтерде жалғыз қалған 2 жастағы қыз бала екінші қабаттағы терезеден енді болмаса секіргелі тұр екен.

Данияр Тоқтамысов, жол-патрульдік полициясының қызметкері:

- Төтенше жағдайларды тоспай, қолдағы бар өзіміздің қызметтік автокөлік, соны қолданып, оның үстіне баспалдақ қойып іздеп тауып сол жерден сол қызды 2-ші қабаттан алып шықтық.  Мұндай оқиға бірінші рет болды, ең бастысы адам өмірі ғой, соны біз ешқандай ойланбастан көмектесуге тырыстық. Аман-есен аяқталғанына қуаныштымын. Біздің жұмысымыз сондай ғой, ерлік деп санамаймын.

Телеканал Хабар 24