377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстан мен Еуроодақтың ынтымақтастығы арта түседі – А.Маразис

  • 115
  • UPD: 22:22, 09.04.2019

Қазақстанда биліктің ауысуы қалыпты және тұрақты жағдайда өтіп жатыр ал еліміздің Еуроодақпен ынтымақтастығы тек нығая түседі.

Бұл жөнінде «Еуропалық көршілестік Кеңесі» зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Андреас Маразис тілшімізге берген сұхбатында мәлімдеген. Сарапшының пікірінше, еліміздің Еуроодақпен серіктестігі өзгеріссіз әрі қарай дамып, екі жақты байланысымыз беки береді.

Андреас Маразис, «Еуропалық көршілестік кеңесі» зерттеу орталығының қызметкері:

- Нұрсұлтан Назарбаев билікте болған тұста біз ортақ, сенімді байланыс құра алдық, келесі президентпен де бұл әріптестіктің жалғасатынына сенімдіміз. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы болашақ  ынтымақтастығымыз бұрынғы жолмен жүреді деп ойлаймын.

Телеканал Хабар 24