379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Павлодарда президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың қоғамдық штабы құрылды

  • 210
  • UPD: 16:01, 05.05.2019

Павлодарда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы құрылды. 

«Nur Otan» партиясының аймақтық филиалында өткен брифингке облыстық штаб мүшелері, шығармашылық зиялы қауым өкілдері,  «Nur Otan» партиясының белсенділері мен мүшелері қатысты. Қоғамдық штабтың  құрамы  84 адамнан тұрады. Штаб аппаратында - 35,  қоғамдық штабта 59 адам жұмыс істейтін болады. Осындай құрылымдар облыстың қалалары мен аудандарындағы партияның барлық аумақтық филиалдарының жанынан құрылған. Бүгінде облыс бойынша 1199 сенімді тұлға тіркеліпті. Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты  қолдауға  сайлаушылардан  14 мың 360 сенімді қол жиналған. Естеріңізге сала кетсек, заңға сәйкес үгіт-насихат жұмыстары 11 мамыр күні сағат 18:00-ден кейін басталып, 7 маусымда сағат 24:00-де аяқталады.

Алтынбек Нұхұлы, «Nur Otan» партиясы облыстық штабы төрағасының орынбасары:

- Штабтың құрамы екі бағытта жұмыс істейді. Ол негізгі жалпы бағыт қой. Оның ішіндегі мынау үгіт-насихат жұмыстары, сонымен қатар БАҚ өкілдеріне байланысты дер кезінде  ақпараттарды беріп отыру мәселесі. Сонымен қатар өзінің заңдық   тұрғыдан жасалынатын жұмыстар және қаржы мәселесіне байланысты, басқа екінші бағыттағы жұмыстар болып саналады.

Телеканал Хабар 24