378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістанда зейнеткерлер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті

  • 168
  • UPD: 15:29, 05.05.2019

Түркістанда Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай зейнеткерлер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті.

Облыстық ардагерлер кеңесі мен спорт және дене шынықтыру басқармасы ұйытқы болған бәсекеге өңірдің 16 аудан-қаласынан 100-ге жуық зейнеткер қатысты. Олар шахмат, дойбы, бильярд, үстел теннисі және шағын футболдан өзара бақ сынады. Үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар шапшаң қимыл мен ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін байқатты. Олардың арасында спортты серік еткендері де, алғаш қатысып отырғандары да бар. Бильярдтан республикалық деңгейдегі төреші Абдуғай Бекжанов сайысқа әділ төрелік етіп, ойынның көрігін қыздырды. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысына еліміз бойынша 1 жарым млн адам қатысса, соның 170 мыңы Түркістан облысынан аттанған. Оның көбі жат жерде, майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Бүгінгі таңда облыс бойынша 63 майдангер қалды.

Абдуғай Бекжанов, республикалық деңгейдегі төреші:

- Өзім көптен бері осы ойынмен айналысамын. 73-тен асқандар арасында республиканың 6 дүркін чемпионымын. Қазір 80-нен астым. Бүгінгі ойынға келетін болсам, барлық ауданнан 14 ойыншы қатысып жатыр. Ойынды бүгін кешке дейін аяқтаймыз. Жеңіс күніне арналып отыр.

Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Шараның мақсаты – жастарға майдангерлерді айта отырып, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Кешегі ағалардың батырлығы мен ерлігі - бізге бейіт өмір сыйлауы. Оның бәрін жәйдан-жәй келе қойған жоқ. Ол бүгінгі жастар үшін үлкен тәрбиелік мәні бар іс. Осындай іс-шаралар жалғасып жатыр.

Телеканал Хабар 24