421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияның 15 өңірі EXPO-2017 көрмесіне қатысады

  • 710

EXPO-2017 халықаралық көрмесіне Италияның 15 провинциясы жеке-жеке қатысады.

Апенин түбегіндегі елдің әр өңірі Астанада өз апталығын өткізіп, аймақ ғалымдарының жетістіктерін паш етеді. Бұл туралы Италия павильонының комиссары Стефано Раваньян мәлімдеді. Тұтас елдің ғылымдағы жаңалықтарын жария ету үшін экономика министрлігі 3 млн еуро қаржы бөлген. «Италия су энергиясын ежелден пайдаланып келеді. Енді толқыннан қуат алуды көздейді», – дейді павильон үйлестірушісі Станислао Кантоно. 900 шаршы метр аумақты алатын Италия павильоны төрт бөлімнен тұрады. Әрқайсысына осы елден шыққан атақты ғалымдардың аты берілген.

Станислао Кантоно, Италия павильонының үйлестірушісі:

Италияда 4 мың компания баламалы энергия көздерін іздеумен айналысады. Қазір біздің ел күн сәулесі мен су және жылу энергиясын пайдаланып жүр. Толқыннан да қуат алу туралы жаңалықтар ашылып жатыр. Біздің ғалымдардың жұмыстарын әзір айтқым келмейді. Оны Италия көрмесіне келіп, өз көздеріңізбен көріңіздер.

Хабар 24 телеарнасы