Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесі әлем назарын Қазақстанға аударады

  • 391

EXPO көрмесі – еліміз осы бағытта ауқымды деңгейде өткізіп отырған алғашқы ірі шара. Мұндай көрмені өткізу Қазақстанға әлем назарын аударады. Мұны Әзербайжан парламентінің депутаты Расим Мусабеков біздің телеарнаға берген сұхбатында айтты.

Депутаттың пікірінше, біздің мемлекеттің Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының саммитін өткізуі әрі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болуы еліміздің беделінің арта түсіп келе жатқанының дәлелі.

Расим Мусабеков, Әзербайжан парламентінің депутаты:

-Қазақстан – мұнай қоры мен көмір, уран қазба байлықтарына бай ел. Бірақ осыған қарамастан, болашақ энергиясы көрмесін ұйымдастырып отырған мемлекет. Сондықтан елдің өзінің даму келешегін әлемдік нарыққа тек энергетикалық ресурстарды өңдеп, жеткізумен ғана байланыстырып қоймай, жоғары технология, ғаламшар экологиясы үшін күресуі мәні зор қадам дер едім.

Хабар 24 телеарнасы