389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гонконгтың іскер тобы Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

  • 1140

Қазақстан мен Гонконг өзара байланыста қаржы саласындағы әріптестікке басымдық береді.

Астана халықаралық қаржы орталығы мен Гонконгтағы әріптестерімен өзара сенім жөніндегі меморандумға қол қойған. Жыл сайын Қазақстан мен Гонконг арнайы әкімшілік ауданы арасындағы тауар айналымы артып, орта есеппен 19 пайызға өсіп отыр. Алдағы уақытта да қос тараптың іскер тобы табысты жұмыс атқаратынына сенемін. Бұл туралы тілшімізге сұхбат берген Гонконг сауданы дамыту кеңесінің атқарушы директоры орынбасары Рэймонд Ип айтты. Оның сөзінше, Биыл Гонконг қаржы орталығының Қазақстан компаниялары үшін қаржыландыру платформасы ретінде жұмыс істеп жатқанына екі жыл толды. Отандық компаниялар Гонконг биржасында тіркеліп, сәтті жұмыс істеп жатыр. Рэймонд Ип бизнес қауымдастықтың атынан Қазақстанды басты мерекесімен құттықтады.

Рэймонд Ип, Hong Kong Trade Development Council атқарушы директордың орынбасары:

- Мен, Гонконг сауданы дамыту кеңесінің атынан Қазақстанды 25 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барлық жақсылық, бақыт пен денсаулық, табысты бизнес, жарқын болашақ тілмеймін. Гонконг пен Қазақстанның бизнесі өкілдері арасындағы қарым-қатынас нығайып, жалпы халықтар арасындағы байланыстың өркендей түсетініне үміттенеміз. Қазір Гонконг пен Алматы арасында тіке әуе қатынасы бар. Алдағы уақытта өзге де Қазақстанның қалалармен қатынасуды қарастырып жатырмыз. Бұл біздерді жақындастыра түседі.

Хабар 24 телеарнасы