423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның Үржар ауданында кәсіпкерлік едәуір дамып келеді

  • 863
  • UPD: 08:15, 05.02.2017

Елбасының биылғы Жолдауында басым бағыттың бірі ретінде кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылған.

Онда «Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», - делінген. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында едәуір жетістіктер бар. Тек өткен жылдың өзінде өңірде кәсіпкерліктен түскен табыс көлемі 360 миллион теңгеге жуықтап, ішкі табыстың үштен бірін құрады. Әсіресе отбасылық бизнестің өрісі кеңейіп келеді. Өткен жылы Үржар ауданында жаңадан 37 кәсіпкерлік нысаны ашылып, 110 адам жұмыспен қамтылған. Ал мақаншылық Тоқтасын ақсақалдың отбасылық бизнесіне 20 жыл толыпты. Наубайханасы мен шағын дүкені бар. 35 жергілікті тұрғын еңбек етеді. Таяуда жаңа мейрамхана тұрғызыпты.

Тоқтасын Қалмақбаев, кәсіпкер:

- Әрбір Жолдаудың сыртында біз сияқты ауылда тұратын азаматтарға көп жақсылықтар жатқанын біз көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жүрміз. Дамып келе жатқан кәсіпкерлікке қатты көңіл бөліп, оның жұмысын дамытуға толық жағдай жасап отыр. Тек жұмысыңды дұрыс істе, салығыңды дұрыс төле.

Ал Қаратал ауылындағы ағайынды Төлепбаевтар бірлесіп мал бордақылау алаңын ашқан. Үкіметтен жеңілдетілген мөлшермен 9 миллион теңге несие алып, асыл тұқымды ірі қара өсіріп отыр.

Серік Сәдуақасов, Ұржар ауданы әкімінің орынбасары:

- 2016 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы ауданның шаруа қожалықтарына «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 80 миллион теңге несие алынды. 421 бас ірі қара малы сатып алынды. «Алтын асық» бойынша 7 миллион теңгеге 304 бас ұсақ мал сатып алынды.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Бұл - Елбасының биылғы Жолдауда айтқан басым бағыттарының бірі. Ауыл халқы мұндай жаңалықты жылы қабылдап, Жолдауға еселі еңбекпен үн қатуға дайын.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Анатолий Тернов, Берік Жобалайұлы.

Хабар 24 телеарнасы