432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Универсиада-2017: билет сатып алғандар арасындағы ұтыс ойынының бірінші кезеңі аяқталды

  • 2645
Универсиада-2017: билет сатып алғандар арасындағы ұтыс ойынының бірінші кезеңі аяқталды фото: almaty2017.com

11 қаңтарға дейін Универсиада-2017 ойындарына сатып алынған билеттер арасында өткізілген ұтыс ойынның бірінші кезеңі аяқталды.

Бағы жанған 12 адам Универсиада ұйымдастырушыларынан және Қысқы ойындардың ресми серіктестерінен бағалы сыйлықтарды алмақ.

Универсиада-2017 ұтыс ойынының бірінші кезеңінде ұтқан билеттердің тізімі 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың ресми сайтында және Facebook парақшасында (https://www.facebook.com/Almaty2017WU/?fref=ts) жарияланды.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, ұтыстарды алу үшін 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада дирекциясына келесі мекенжай бойынша хабарласу қажет: Алматы қ., Байзақов к., 280, солтүстік мұнара немесе  8 (727) 313 23 25 телефонына қоңырау шалуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 20 желтоқсанында басталған жүлделердің ұтыс ойыны екі кезеңде өткізіледі. Универсиада аясындағы спорттық оқиғаларға билет сатып алған жасы 18-ден асқан кез-келген ҚР азаматы ұтыс ойынға қатыса алады. Ұтыс ойын сатып алынған билеттің бірегей тоғыз таңбадан тұратын нөміріне қарап өткізіледі. Шақыру билеттері және құны жоқ билеттер ұтыс ойынға қатыса алмайды.

08 ақпанға дейін сатып алынған билеттердің барлығы ұтыс ойынның екінші кезеңіне қатысады. Екінші кезеңде Саппородағы Азия ойындарына 2 саяхат, сондай-ақ, «Базис-А» корпорациясының ұсынып отырған супер жүлдесі – «АЛМАЛЫ» тұрғын ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтер ұтысқа салынады.

«АЛМАЛЫ» тұрғын ауданы «БАЗИС» құрылыс компаниясы салған Универсиаданың бас нысаны - Almaty Arena мұз сарайының қарсы жағында орналасқан. «БАЗИС-А Корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Павел Белович «Almaty Arena» мұз сарайын салып жатқан кездің өзінде  осы ауданның даму келешегі жоғары деп бағаланғанын атап өтті.

Универсиада өткізілген соң алматылықтар және «Алмалының» тұрғындары Almaty Arena мұз сарайында хоккеймен және мәнерлеп сырғанаумен қатар, жүзу, көркем гимнастика, бокс, күрес секілді тағы да басқа көптеген спорт түрлерімен шұғылдана алатын болады.

Хабар 24 телеарнасы