424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұшақпен сапарға шыққанда қол жүгі жоғалса не істеу керек? І Халықтық экономика

  • 87

Жаз мезгілінде көпшіліктің ел арасында немесе мұхит асып жан тынықтыратын уақыты. Шалғай жерге баратындар, әлбетте әуе тасымалына жүгінетіні анық. Демалушылар көбіне жүктің көлеміне, салмағына мән береді. Ол үшін артық ақша төлемеуге тырысатыны да белгілі. Ал діттеген жеріңізге бара жатып сөмкеңіз бүлініп немесе жоғалып кеткенде не істеу керек? Әуекомпаниялары қанша ұқыпты болса да, сандық мәліметтер жолаушы үшін осындай қолайсыз жайттардың азаймай отырғанын айтады. Швейцарияның Sita көпұлтты ақпараттық ұйымының мәліметтері бойынша, 2018 жылы әлемде 25 миллионға жуық жүк жоғалған. Сіз де, бүгін болмаса ертең әйтеуір бір сапарға шығатыныңыз анық. Ендеше жолаушылар үшін жүк жоғалғанда не істеу керек екенін, басқа да жайттарда қалай әрекет ету қажеттігін айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы