387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимп. Аралас жекпе-жек

  • 1226

Джиу-джитсу, таэквондо, дзюдо. Аралас жекпе-жек осы және өзге де жекпе-жек түрлерінің қосындысы. Бастапқыда бұл спортқа көпшілігі күмәнмен қарады. Тіпті мысқылдағандар да болды. Ал қазір ол жеке спорт түрі ретінде мықтап қалыптасты. Өзінің ережелері, қағидалары, жарыстары, жұлдыздары, тіпті философиясы да бар. Қазақстанда бұл спортқа деген қызығушылық өте жоғары. Жалпы жекпе-жек түрлеріне деген құштарлық қазақтың қанында бар дүние. Ал оның аралас үлгісі әртүрлі спортпен шұғылданып жүрген жастарды бірден өзіне баурап алды. Қазір қалалық, аймақтық және республикалық додалар өтіп тұрады. Тіпті, Астана мен Алматыда әртүрлі тұжырым бойынша әлем чемпионатын өткізу де дәстүрге айналған.

Хабар 24 телеарнасы