368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

  • Read 251 times
  • Media
Чехияда Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ұйымдастырылды

Прага төрінде елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Чехиядағы Қазақстан елшілігінің ұйытқы болуымен өткен іс-шараға жиырмаға жуық сурет қойылды. Астананың архитектуралық ажары, бір-біріне ұқсамайтын ғимараттары, әрі аппақ мешіті чех қоғамының өкілдеріне ерекше ұнады. Енді ғана жиырма жасқа толатын жас қаламызға игі жақсылар ақ тілектерін арнап жатты. Іс-шара аясында кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Мол жинақтың арасында ерекше көзге түскені – қазақ халқының көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» еңбегін атап өткеніміз жөн. Еңбектің чех тіліндегі нұсқасын Қазақстанның осы елдегі елшілігі ұсынып отыр. Атап өту керек, «Көшпенділер» тарихи эпопеясы әлемнің 30 тіліне аударылып, 3 млн жуық данамен басылып шыққан. «Қос көрмені қатар ұйымдастыру арқылы чех халқына Қазақстанды жақыннан таныстырғымыз келді», – дейді елшілік өкілдері.

Мадина Мұратбекова, ҚР Чехиядағы елшілігінің бірінші хатшысы:

– Чехия қоғамына Астананың әлеуметтік мәдени саласындағы даму үрдісі, заманауи құрылыс нысандары таныстырылып отыр.

Ян Кэмпбэлл, филология ғылымдарының докторы, профессор

– Халықтар достығы жасасын, достық салтанат құрғанда ғана бизнес байланыстар арта түспек. Достық бар жерде ғана қарудың үні өшеді. Қазақстан халқына және әлем елдеріне бейбіт өмір тілеймін. Ең ыстық тілегімді қабыл алыңыздар.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы