431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыс берушілер мүгедектері еңбекпен қамтуға құлықсыз

  • 503
  • UPD: 10:49, 22.11.2019

Тағдырдың жазуымен жарымжан болып қалған азаматтардың жұмысқа орналасуы – қиынның қиыны.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесін көтерді, деп жазады «Айқын». Оған себеп, жұмыс берушілер мүгедектерді жұмысқа алуға құлықсыз. Тіпті, бекітілген квотаның міндеттерін де орындамай отыр. Бүгінде шамамен 690 мың мүгедек бар. Оның 90 мыңға жуығы – бала. Биыл мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейін ұлттық жоспар қабылданды. Басты мақсаты — жұмыспен қамту. Мүгедектердің 67 проценті, яғни 424 мың адам еңбекке жарамды. Бірақ оның тек 106,5 мыңы, яғни 25 проценті ғана жұмыс істейді. Жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамай отыр», – деген Сапарбаев оларды қоғамнан шеттетпеу керегін айтқан. Жоғары білімі бола тұра, «Екі қолға бір күрек таппай» сандалып жүргендер жетерлік.

ЦИТАТА:

«Мүгедектікті анықтау кезінде жемқорлықтың барын ашық мойындауымыз керек. Сыбайлас жемқорлықты жою үшін сырттай куәландыру тәртібін енгізуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан екі министрліктің ақпараттық базасын біріктіру қажет. Пилоттық жоба бірнеше аймақта жүзеге асып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мен Денсаулық сақтау министрлігі бұл процесті жылдамдатуы тиіс», – деген Сапарбаевтың тапсырмасы екі жыл ішінде іске асуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы