377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ төрағасын қабылдады

  • 215
  • UPD: 14:16, 08.04.2019

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге арнайы сапармен келген Словакия Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсізідк ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакты қабылдады.

Басқосуда тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Мәртебелі мейман президентті жоғары дәрежедегі лауазымға кірісуімен құттықтап, бірлесіп жұмыс істеу төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сізбен Нұр-Сұлтан қаласында көрісіп отырғаныма қуаныштымын. Біздің елге Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде келіп отырсыз. Қош келдіңіздер!

Мирослав Лайчак, Словакияның Сыртқы істер министрі – ЕҚЫҰ төрағасы:

- Рахмет, Президент мырза! Біздің делегацияны қабылдауға уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтағым келеді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде Қазақстанға іссапармен келгенімен қуаныштымын. Біз бұл бірлестікке жетекшілік ету арқылы адамзат баласының игілігі үшін жұмыс істеуді мақсат етіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы