431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел аумағында блокпосттар алынып жатыр

  • 624
  • UPD: 08:48, 01.06.2020

Бүгін түнгі он екіде еліміз бойынша тосқауыл бекеттері алынды. Тек бас қаланың айналасына 7 блок-бекет қойылған еді. Жалпы ел аумағында 400-ге жуық бекет жұмыс істеді.

Күні кешеге дейін 3 миллионнан астам көлік пен 5 млн жолаушы тексерілген. Азық-түлік тасымалдайтын көліктер «жасыл дәліз» арқылы өтті. Карантин кезінде 52 мыңнан астам полиция қызметкері мен медицина маманы күндіз-түні кезекшілік атқарды. Одан бөлек карантинге жабылған нысандарды күзетуге жұмылдырылды. Ұлттық Ұлан сарбаздары қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалады.

Айта кетейік, тосқауыл бекеттері алынғанымен жолаушылар тасымалдайтын қалааралық автобустар 5 маусымнан бастап жүреді. Жолаушылар санитарлық ережелерді сақтауы тиіс. Міндетті түрде бетперде тағу керек. Қалааралық қатынас қалыпқа келгенімен кей өңірде карантин талабы қатаң сақталады. Облыстағы ахуалға қарай санитарлық дәрігер тиісті шешім қабылдай алады.

Хабар 24 телеарнасы