369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда облыстық пән олимпиадасы мәресіне жетті

  • 361
  • UPD: 11:02, 09.01.2018

Павлодарда өткен облыстық пән олимпиадасы мәресіне жетті. Білім сайысына биыл өңірдің әр аймағынан 739 оқушы қатысты.

Олимпиада 15 пән бойынша өтті. Үміткерлер ағылшын, қазақстан тарихы, география және математика пәндері бойынша кім мықтыны анықтады. Биылғы олимпиаданың бір ерекшелігі 6-7 сынып оқушылары жоғары сынып оқушыларымен бірге бақ сынасты. Жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушыларға жергілікті оқу орындары оқу гранттарын табыс етті. Шарбақты ауданынан келген Диас Қайырдолда астрофизика бойынша топ жарды. Жоғары нәтижеге қол жеткізген 80 оқушы арнайы дипломдармен марапатталды.

Диас Қайырдолда, грант иегері:

- 2016 жылдан бастап көптеген олимпиадаға қатыса бастадым. Әсіресе физика пәнінен. Маған физика пәні өте ұнайды. Жалпы мен өзімнің мұғалімдерімен құрметім шексіз. Осы маған құрметпен берген грантты алғаныма өте қуаныштымын.

Осы категория бойынша: « Атырауда алғашқы кәсіби-техникалық білімді тегін беру мәселелері талқыланды ЖОО цифрлық технологияларды енгізуге атсалысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы