378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғандық оқушылар Кореяда екі апталық курстан өтеді

  • 274
  • UPD: 15:16, 31.01.2019
Талдықорғандық оқушылар Кореяда екі апталық курстан өтеді

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Оңтүстік Кореяның таңдаулы оқу орнында екі апталық курстан өтеді, деп жазады «Хабар 24».

Өз кезегінде кореялық оқушылар Жетісуға келеді. Тіл білсем деген талапкерлерге тамаша мүмкіндік беретін осындай меморандумға Назарбаев зияткерлік мектебі мен Оңтүстік Кореяның елшілігі жанындағы білім орталығы қол қойды. Тәжірибе алмасу ретіндегі екіжақты келісім бұдан 8 жыл бұрын басталған еді. Содан бері тіл үйрену жөніндегі достық байланыстар үзіліссіз жалғасып келеді.

Назгүл Шәймерденова, Назарбаев зияткерлік мектебінің үйлестірушісі:

- Жалпы алғанда осы жылдар арасында біздің оқушыларымыздан 30-40 шақты бала Сеул қаласына барып қайтты. Және сол сияқты Кореядан да Талдықорғанға сонша оқушы келді.

Хабар 24 телеарнасы