387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 265 жас мұғалім еңбек жолын бастайды

  • 162
  • UPD: 11:18, 30.08.2019

Жаңа оқу жылында қостанайлық жоғары оқу орындарының 265 түлегі еңбек жолын мектептерде бастайды.

Олар бастауыш сынып және пән мұғалімдері. Алдағы уақытта олар біліктіліктерін арттырып жаңа мазмнұндағы оқу бағдарламасын меңгерулері міндет. Жақын күндері аталмыш жүйеге  төртінші және оныншы сынып оқушылары көшеді.

Айдана Жәркеева химия пәнінің мұғалімі ретінде жоғары оқу орнын биыл бітірді. Оның еңбек жолы жаңадан ашылатын мектептен басталғалы тұр.   Жас маман 100-ден астам оқушыға сабақ береді. 

Айдана Жәркеева, химия пәнінің мұғалімі:

- Мемлекет тарапынан мүғалімдерге көп қолдау көмек көрсетіліп жатыр. Оның бірі педагогтің мәртебесі заңын айтуға болады. Ондағы келтірілген барлық шарттармен мен өзім келісемін деп айта аламын. Жас маман болғандықтан менің алдағы уақытта ізденерім, оқитыным, түйерім өте көп. Яғни, өзімді жан-жақты тәрбиелейтін боламын. Заманауи, жаңа бағдарламаға сай жаңа білімді меңгеруге өз күшімді салатын боламын. 

Ал Светлана Өтепова бірінші сыныптағы 25 оқушының алғашқы ұстазы болады. Мектеп табалдырығын аттайтындар қатарында алты жасқа толған  балалар да бар. Мұғалімнің сабақтары жаңа оқу бағдарламасына негізделеді.     

Светлана Өтепова, бастауыш сынып мұғалімі:

- Ата-аналардың бала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне еш негіз жоқ. Жаңа оқу бағдарлама 6 жасар балаға арналған. Бұл ретте баланың психологиялық дайындығы маңызды дер едім. Егер дәстүрлі білім беру жүйесін алып қарасақ, онда ұстаз ұйымдастырушы рөлін атқарды. Ал қазір әр бала өз алдына мақсат қоя білу керек. Мұғалім оны сол мақсатқа жетелуіне күш салуға міндет. 

Биыл Қостанай облысындағы 13 500 бала алғашқы қоңырау үнін естиді. Олардың барлығы жаңа мазмұндаңы білім жүйесімен оқиды. 

Василий Цымбалюк, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Биыл 4 және 10 сыныптардың оқу бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Олар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшеді. Оқулықтар қайта шығарылады. Әрі қарай өзге сыныптартар да көше бастайды. 

Осылайша тек 11 сыныптағылар ескі бағдарламамен оқитын болады. Бұл уақытша ғана. Ал келер жылдан бастап барлық мектептер жаңартылған білім беру мазмұнына ауысады. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы