432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Интернеті жоқ ауыл мектептері дәстүрлі түрде білім береді

  • 847
  • UPD: 22:17, 04.04.2020
Интернеті жоқ ауыл мектептері дәстүрлі түрде білім береді

Жамбыл облысында 40 мыңға жуық оқушының қашықтан оқу мүмкіндігі жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың басым көпшілігі әлеуметтік аз қамтылғандар санатына жатады. Қазір бұл мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер 11 712 оқушыға уақытша берілді. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы екі мың компьютер сатып алынған. Жалпы өңірдегі 442 мектептің 243-і қашықтан оқытуға дайын. 129 мектептің оқушылары телеарналар мен радио арқылы еркін форматта білім алады. Ал, мұғаліммен кері байланыс мобильді қосымшалар арқылы орнатылмақ.

Айта кету керек, аймақта мүлдем интернеті жоқ 70 мектеп бар. Бұл білім ошақтарында сабақ дәстүрлі түрде өткізіледі.

Талғат Жамалов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Оның өзі екі ауысымнан тұратын болады. Егер жүз балаға дейін болатын болса, 50 бала түске дейін, 50 бала түстен кейін болады. Мұның өзінде де біз санитарлық нормалардың барлығының талаптардың сақталуын талап етеміз. Жиі-жиі ылғалды жуу. Анитсептиктер, маска деген сияқты. Және де бұл мектептердің аумағына бөгде адамдардың кіруіне ешқандай рұқсат етілмейді. Шектеу қойылған.

Хабар 24 телеарнасы