367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар аз ұйықтаудың қауіп-қатері туралы айтты

  • 300
  • UPD: 15:58, 29.08.2018
Ғалымдар аз ұйықтаудың қауіп-қатері туралы айтты life.ru

Мамандардың айтуынша, тек аз ұйықтау емес көп ұйықтау да адам ағзасына қатер төндіреді.

Грекия және Испания ғалымдары тәулігіне 6-8 сағат ұйықтау жүрек-қантамыр ауруларының алдын алып, адам өмірін ұзартады, деп хабарлайды Life.ru.

Мамандар соңғы бес жылда жасалған 11 зерттеуден алынған мәліметтерді талдады. Бұдан басқа олар миллионнан астам адамды алты сағаттан кем ұйықтайтын, сегіз сағаттан көп ұйықтайтын және 6-8 сағат ұйықтайтын деп үш категорияға бөліп зерттеу жүргізген.

Сегіз сағаттан аз ұйықтайтын адамдарда жүректің ишемиялық ауруы мен инсульт қаупі жоғары болған.

Сонымен қатар ғалымдар 3974 ерікті қатысқан сараптама жүргізген. Олар ұйқы сапасын бақылайтын құрылғымен жүрген. Белгілі болғандай, тәулігіне алты сағаттан аз ұйықтайтындарда атеросклероз, артық салмақ пен қант диабеті қаупі көбейген.

Осы категория бойынша: « Астаналық бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қандай құжаттарды тапсыруы қажет? Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су тасуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы