387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жалпықалалық сенбілік басқа күнге ауыстырылады

  • 845
Елордадағы жалпықалалық сенбілік басқа күнге ауыстырылады ptzgovorit.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпықалалық сенбілік басқа күнге ауыстырылатын болды.

Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

«Біздің қаламыздағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке қарай, ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Мұндай кезде көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым», - деп жазылған Бақыт Сұлтановтың парақшасында.

Сенбілік өтетін күн алдағы уақытта xабарланатын болады.

«Қалалықтардың көбісі ертеңгі тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдіргенін мен жақсы білемін. Мен Сіздерді осы райларыңыздан қайтпауға шақырамын. Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін. Жалпықалалық сенбілік өтетін күнді алдағы уақытта қосымша xабарлайтын боламыз», – деп атап өтті елорда әкімі.

Хабар 24 телеарнасы