378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бірқатар автобус бағыты өзгерді

  • 277
  • UPD: 11:48, 14.05.2019
Елордада бірқатар автобус бағыты өзгерді

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №3, 18, 40, 61 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

№3 бағдар «Темір жол вокзалы» бастапқы аялдамасынан Петров-Қ.Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Қ.Сәтбаев көшесіне солға, Б.Майлин көшесіне оңға, одан әрі Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№18 бағдар «Достық БМСК» бастапқы аялдамасынан Петров-Қ.Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Қ.Сәтбаев көшесіне солға, Б.Майлин көшесіне оңға, одан әрі Тәуелсіздік даңғылына оңға бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№40 бағдар «Темір жол вокзалы» бастапқы аялдама пунктінен Петров-Қ.Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай қарай Қ.Сәтбаев көшесіне солға, Б.Майлин көшесіне оңға, одан әрі Тәуелсіздік даңғылына солға, ары қарай бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

№61 бағдар «Теплотранзит» бастапқы аялдамасынан Петров-Қ. Сәтпаев көшесінің қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Қ.Сәтбаев көшесіне солға, Б.Майлин көшесіне оңға, одан әрі Тәуелсіздік даңғылына солға, одан әрі бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

elorda.info

Хабар 24 телеарнасы