384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды

  • 179
  • UPD: 17:27, 07.06.2019
Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды ngnovoros.ru

Синоптиктер еліміздің екі облысында дауылды ескерту жариялады.

«Қазгидромет» өкілдерінің хабарлауынша, Қызылорда және Қостанай облыстарында демалыс күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұрады.

8-9 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с. 9 маусымда кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

8 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай қ: 8 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

8 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Шымкент қаласында 8 маусымда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі

Түркістан қаласында 8 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы