389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері ауа райы қандай болады

  • 307
  • UPD: 17:51, 20.09.2019
Демалыс күндері ауа райы қандай болады alphacoders.com

Атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында бұлтты, жауын-шашынды ауа-райын және ауа температурасының төмендеуін әкеледі.

Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.

Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30…38°С күтіліп, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.

Ақпарат kazhydromet.kz сайтынан алынды 

Хабар 24 телеарнасы