424.28 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да үскірік аязға байланысты сабақ тоқтатылды

  • 543
  • UPD: 10:59, 12.02.2020

Шығыс Қазақстанда қатты аяз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай бірнеше аудан мен қалаларда сабақ болмайды. Облыс орталығы Өскемен, Риддер, Ұлан, Бесқарағай мен Шемонайха ауданындарында сынап бағанасы -28 градусты көрсетті. Ал Жарма, Көкпекті және Алтай ауданында ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. Ал Зайсан ауданында көшені басқан көк мұзға орай бірінші ауысымдағы сабақ кейінге қалдырылып отыр. Өйткені бірнеше күннен бері еріген қар суы енді көктайғаққа айналды.

Хабар 24 телеарнасы