431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Онлайн саяхат жасауға болатын әлемнің 10 үздік музейі

  • 1601
  • UPD: 17:21, 30.03.2020
Онлайн саяхат жасауға болатын әлемнің 10 үздік музейі

Әлемнің ең үздік галереялары мен мұражайларында болуды армандамаған адам жоқ шығар. Қазіргі уақытта әлемге танымал өнер туындылары сақталған мұражайлары виртуалды түрде де тамашалауға мүмкіндік бар.

Әсіресе, карантин кезінде үйде отырып-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрнекті ғимараттардың ішіне виртуалды саяхат жасауға болады.

Лувр мұражайы

Лувр мұражайы – әлемдегі ең үлкен және саяхатшылар көп келетін мұражайлардың бірі. Ол Париждің орталығында Сенаның оң жағалауында орналасқан. Бұл мұражайға виртуалды саяхат жасап, өнер туындыларымен танысу үшін мына сілтеме арқылы кіруге болады.

Ван Гог мұражайы

Винсент Ван Гогтың картиналары мен суреттерінің коллекциясы, сондай-ақ Поля Гогена, Жоржа Сера, Поля Синьяка, Клода Моне, Анри Тулуз-Лотрека, Пабло Пикассо сынды шеберердің туындылары сақталған Амстердамдағы өнер мұражайы. Мына сілтеме арқылы виртуалды саяхат жасауға болады. Сонымен қатар мекеме қызметкерлері «Экрандағы көрме» онлайн-жобасын жасап шығарды. 30 наурыздан бастап көрермендер Ван Гог туралы онлайн фильм көре алады.

Рейксмюсеум

Рейксмюсеум – Амстердамдағы (Нидерланды) өнер мұражайы. Ол саяхатшылар көп баратын мұражайлардың жиырмалығына кіреді. Мұражайдан Вермеер мен Рембрандттың шедеврлерін көре аласыз. Мына сілтеме арқылы аралауға болады.

Акрополь

Акрополь б.э.д. 447 - 432 жылдар аралығында салынған. Ғибадатханадан табылған тарихи жәдігерлердің көпшілігі бүгінде Акрополь мұражайына қойылған. Грецияда орналасқан ең танымал туристік көрнекі орынды ресми сайтынан көруге болады. Мына жерді басу арқылы ғимаратты онлайн түрде аралауға болады.

Краковтағы ұлттық музей

Ұлттық Краков музейі – Польшадағы ең көне мұражай. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында салынған. Экспозицияның мақтанышы –  Леонардо да Винчидің «Ақкіс ұстаған әйел» картинасы. Мына сілтеме арқылы кіруге болады.

Эрмитаж

Санкт-Петербургтегі Эрмитаж – әлемдегі ең үлкен мәдени және тарихи мұражайлардың бірі. Кешен бір-бірімен байланысқан алты ғимараттан тұрады. Ғимаратты мына сілтеме арқылы аралауға болады.

Берлиндегі сурет галереясы

Онда XIII-XVIII ғасырлардағы картиналардың үлкен коллекциясы, оның ішінде Альбрехт Дюрер, Лукас Кранах, Боттичелли, Рафаэль, Тициан, Караваджо, Босх сынды әлем шеберлерінің туындылары сақталған. Мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Вашингтондағы ұлттық жаратылыстану мұражайы

Мұражай коллекциясы өсімдіктер, жануарлар, минералдар, пайдалы қазбалар, тастар, метеориттер және адам жасаған мәдени артефактілердің 500 миллионнан астам данасын қамтиды. Мына жерді басу арқылы көруге болады.

Ватикан мұражайы

Бұл – Римдегі католик мұражайларының кешені. Мұражайды мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Сикстин капелласы

Флоренцияда (Италия) Google Arts & Culture-дегі әйгілі Уффици галереясында еуропалық бейнелеу өнері шедеврлерінің үлкен коллекциясы жинақталған. Сонымен қатар Боттичелли мен Микеланджелоның таңғажайып туындыларын көруге болады. Туындылармен танысу үшін мына сілтемеге өтіңіз.

Хабар 24 телеарнасы