425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

  • 406
  • UPD: 11:11, 24.04.2020
Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгдромет» РМК.

«Жылымықтың әсерінен және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы (2500 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында 24-30 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар» делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы