420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жексенбі күні елордада Алаш тас жолының оң жақ жолағы жабылады

  • 119
Жексенбі күні елордада Алаш тас жолының оң жақ жолағы жабылады astana.gov.kz

8 қарашада елордада жол-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін, Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағыты бойынша Алаш тас жолының(Бөгенбай батыр көпірі) оң жақ жолағын жабу жоспарлануда6 деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз, - деп атап өтті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Хабар 24 телеарнасы