421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Эйр Астана» ауа райына байланысты кейбір рейстерді тоқтатты

  • 391
  • UPD: 12:22, 31.12.2020
«Эйр Астана» ауа райына байланысты кейбір рейстерді тоқтатты

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Эйр Астана» әуекомпаниясы 31 желтоқсанда Шымкенттен ұшатын рейстерді тоқтатты, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Шымкентте қалың тұман екендігі айтылған.

«Бүгінгі KC971/972 Алматы – Шымкент – Алматы, KС 341/342 Нұр-Сұлтан – Шымкент – Нұр-Сұлтан рейстері және қосымша KC9710/9720 Алматы – Шымкент – Алматы әуерейстері қатынамайтын болды», - делінген «Эйр Астана» хабарламасында.

Тоқтатылған рейстердің жолаушылары билеттерді басқа күндерге ауыстыра алатыны немесе билеттің ақшасын қайтарып ала алатындығы айтылған.

Хабар 24 телеарнасы