425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АИ-92 бензинінің бағасы 200 теңгеге жетуі мүмкін

  • 548
  • UPD: 12:25, 03.03.2020

Әлемдік экономиканы әлсіреткен коронавирус отандық жанармай құнына әзірге әсер еткен жоқ. Дегенмен, жоғары сұраныстағы АИ-92 маркалы бензин бағасы жыл аяғына дейін 200 теңгеге жетуі мүмкін.

Коронавирусқа байланысты бензин тапшылығы болмайды дейді сарапшылар. Себебі жанармай өзімізде өнідіріледі және отандық нарықты толықтай қамтиды. Алайда мамандар шекаралас аймақтардың тұрғындары көлік отынын көршілес Ресейге заңсыз тасымалдауы мүмкін деген пікірде. Онда бензин біздің республикамызға қарағанда шамамен 50 процентке қымбатқа сатылады. Сондықтан табыс көздеп, қазақстандық жанармайды Ресей Федерациясына әкететіндер саны артуы мүмкін. Ал мұндай әрекеттер ел нарығындағы бензин тапшылығын тудырмайтынына кім кепіл? Мамандар осыдан қауіптенеді. Экономист Арман Байғановтың айтуынша, жағымсыз үрдісті болдырмау үшін АИ-92 маркалы бензиннің құны біртіндеп өседі және жыл аяғына дейін ол 200 теңгеге дейін жетеді. 

Атырауда АИ-92 маркалы бензин 145 теңге. Ең арзан жанармай осы мұнайлы өңірде. Оралда бензин сәл қымбат. 147 теңге. Еліміздің оңтүстігі Таразда жанғыш зат 150 теңге. Ал Ақтөбеде 151 теңгеге саудалануда. Қызылордалық жүргізушілер бензиннің бұл түрін 154 теңгеге құйғызады. Шымкентте бензин 155 теңге. АИ-92 маркалы жанармай Қостанай мен Ақтауда 157 теңге тұрады. Қарағанды мен Өскеменде бұл бензиннің бір литрі 159 теңге. Ал ең қымбат жанармай елордада тіркелді. 160 теңге. 

Барлық алкоголь өнімдеріне салықты құрамындағы спирт мөлшеріне қарай белгілеу керек. Қазақстанның алкоголь және темекі өндірушілер қауымдастығы Үкіметке осындай ұсыныс жасады. Қауымдастық президенті Әміржан Қалиевтың айтуынша, қазір дайын өнімдерге деген салық айырмашылығы үлкен. Мысалы, коньяк акцизі араққа қарағанда 10 есе аз. Осыны пайдаланған көлеңкелі кәсіпорындар көбейген. Қауымдастықтың ақпаратына сай, республикадағы коньяктың 90%-нің құрамында қант, хош иістендіргіш пен түрлі шикізаттар бар. Бұл коньяк жасаудың жеңіл жолы. Ал сапалы өнімді шығару үшін күрделі технологиялар пайдаланылады.  Бұған қоса жеңіл жолмен жасалған өнімдер араққа қарағанда әлдеқайда арзан. Қазір мұндай коньяктың нарықтағы үлесі 30 процентті құрап отыр.  Осы орайда алкоголь және темекі өндірушілер қауымдастығы, арақ пен коньяк акциздерін теңестіруге шақырады. Ал қарамағында жүзім алқабы жоқ кәсіпорындарға коньяк дайындауға шектеу қою керек деген пікірде. «Бұл көлеңкедегі кәсіпорындардың жолын бөгейді» дейді олар. 

Айта кетейік, бүгінде еліміздегі арақтың үштен бір бөлігі заңсыз контрабандалық өнімдер. 

«Құрамында спирті бар арақ-шарапқа бірдей акциз қоюды ұсынамыз. 1% спиртке акциздік салықты бекітейік. Мысалы, арақ 40% спирттен тұрады. Ал сырада ол 5-6% құрайды. Осылайша, акциз құрамындағы спирт мөлшеріне қарай белгіленеді. Тағы бір айта кетерлігі, ЕАЭО елдері арасында Қазақстанда сыраға акциздік салық өте төмен. Ал Республикадағы сыра нарығының 90% халықаралық трансұлттық компаниялардан тұрады. Сондықтан, акциз мөлшерін оңтайландыру арқылы бюджеттің кірісін еселеп арттыруға болады» 

                                                                                                                              Әміржан Қалиев, Қазақстанның алкоголь және темекі өндірушілері қауымдастығының президенті

Оңтүстік Кореяның автомобиль нарығы күйреп тұр. Коронавирус салдарынан бұл елде Қытайдағы жағдай қайталанды. Ақпан айында Hyundai компаниясының ел аумағындағы сауда саттығы 26 жарым процентке, сыртқы саудасы 10 процентке төмендеді. Сатылымның құлдырауына әсер еткен басты себептер: өндіріс көлемінің қысқаруы мен әлемдік сұраныстың азаюы. Әсіресе Renault автокөлігіне сұраныс екі есе төмендеген. Ал SsangYong маркалы теміртұлпарларға сұраныс айтарлықтай қысқарған жоқ. Оның саудасы шамамен 7%-ке азайған.

Хабар 24 телеарнасы