389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қайта қаржыландыру ипотекалық несиеге әсер етпейді

  • 438
  • UPD: 10:29, 17.03.2017

Ұлттық банктің 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін 11 пайызға дейін ұлғайту туралы шешімі - құбылмалы пайыздық үстемақымен берілген несиелерді қымбаттатып жіберуі мүмкін.

Бұл санатқа ипотекалық несие алған тұрғындар да кіреді. Бұған дейін қайта қаржыландырудың мөлшерлемесі 5,5 пайыз болған. Бірақ Бас банкир мұндай келісімшартқа қол қойғандардың саны барлық борышкерлердің 0,4 пайызынан аспайтынын айтады.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

- Бұл аз ғана борышкердің төңірегіндегі әңгіме. Дегенмен осындай несиелерді берген банктермен қажетті жұмыстарды жүргіздік. Олар қарыз алған адамдарға тиісті шешімдерін ұсынып жатыр. Сондықтан борышкерлерге ешқандай қиындық болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 1 сәуірінде ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы аяқталады. Бағдарлама 2015 жылдың 1 сәуірінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қабылданған еді. Осы жылдың 1 наурызына дейін 27 мыңнан астам өтініш түскен. Оның ішінде құны 123,8 миллиард теңге болатын 20 400 өтініш мақұлданған. Ұлттық банк тұрғындардың 1 сәуірден кейін де ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыра алатынын айтады. Ол осы уақытқа дейін қайта қаржыландырылған несиелерді өтеуден түскен ақша есебінен жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы